Шымкентте 180 адам жиналған той тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте 180 адам жиналған той тоқтатылды Фото: Шымкент ПД баспасөз қызметінен

Шымкентте карантинге қарамастан той өткізген тұрғындар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте карантинге қарамастан той өткізген тұрғындар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент ПД мәліметінше, Абай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары алдын алу жұмыстары барысында аудан аумағында орналасқан мейрамханада үйлену тойы өтіп жатқанын анықтаған.

"Залда 180-ге жуық қонақ болғаны анықталды. Карантин режимін бұзған тұрғындарға қатысты қажетті материалдар жиналып, тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді", - делінген ақпаратта.

Реклама
Реклама

Шымкент полицейлері тұрғындардан қаланың бас санитария дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптар мен шектеулерді қатаң сақтауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама