1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шымкентте 2700-ден аса адам ұсталды

Шымкентте тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 2700-ден аса адам ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" сайтына

Шымкентте тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 2700-ден аса адам ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Қала комендатурасының мәліметінше, барлығы 2716 адам ұсталған. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 175-і 15 тәулікке қамауға алынғаны, 2 адамға айыппұл салынғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, коменданттық сағат тәртібін бұзған 33 адам ұсталды. Барлық қозғалған қылмыстық іс бойынша 52 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Блокбекеттерде 7 мың автокөлік тексерілді. Автокөліктердің бірін тексеру кезінде газ тапаншасы, травматикалық тапанша, 7,62 мм калибрлі 67 оқ-дәрі және 5,45 мм калибрлі 3 оқ-дәрі тәркіленді.

Бұған дейін 7 қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Шымкентте 60-қа жуық адам зардап шеккені хабарланды. Түрлі жарақат алған әскери, полиция қызметкерлері, сондай-ақ, алаңда не болып жатқанын көруге келген қала тұрғындары ауруханаларға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!