ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 тамыз 2023 12:03
Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышта қысылып қалған
Шымкентте үш жасар баланың қолын электр еттартқыш тартып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте үш жасар баланың қолын электр еттартқыш тартып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Сайрам елді мекеніндегі № 3 қалалық ауруханасында ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр еттартқыштан алып шығу үшін бірегей операция жүргізді.
Қалалық ауруханадан "112" құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолы электр еттартқышқа түсіп кеткені туралы хабарлама келді. Дәрігерлер баланың қолын еттартқыштан шығара алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Ата-ананың айтуынша, бала құрылғыны пайдалану кезінде жақын жерде жүрген, салдарынан төтенше жағдай болған.
Құтқарушылар дәрігерлермен бірге операция жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері апаттық-құтқару құралының көмегімен еттартқыш корпусын мұқият кесіп, қолын босату үшін балаға анестезия салған.
Қазір бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қауіпті заттардың жанында қараусыз қалдырмаудың маңыздылығын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу