Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды Видеодан алынған кадр

Шымкентте әуе шарының кесірінен 4 мың отбасы жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте әуе шарының кесірінен 4 мың отбасы жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Жел соғып, салдарынан әуе шары басқарылмай 10 киловатт әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілді. Сондықтан Тұран шағынауданы мен Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз отыр, - делінген Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Қазіргі таңда "ОңтүстікЖарықТранзит" ЖШС-нің, "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп атыр.

Реклама
Реклама

Аталған факт Қаратау аудандық полиция басқармасында арыздарды есепке алу кітабына Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама