ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2019 | 09:27
Шымкентте автобус жол апатына ұшырады: Кондуктор қайтыс болды
Шымкентте жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Соққыдан автобустың бір жанына аударылып қалғаны айтылады. Нәтижесінде бір адам қаза тапты, ол - кондуктор. 13 адам жарақат алды. Оның үшеуі - бала. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
"Бір әйелдің жасы 39-да, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ол миы шайқалып ауруханаға түскен. Барлығы ауруханаға 10 адам жатқызылған. Ең кішісі 17 жаста, ал ең үлкені 56-да", - деп хабарлады № 1 қалалық клиникалық аурухана қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Сот сараптамасы тағайындалған.
Показать комментарии
Читайте также