Шымкентте бассейнге құлап кеткен 3 жасар бала комаға түсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: otyrar.kz

Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап кетті. Қазір ол комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Шымкентте үш жасар бала бассейнге құлап кетті. Қазір ол комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 23 шілдеде Қызылжар тұрғын үй алабында болған.

Сағат 22:30-да жедел жәрдемге хабарлама түскен. 2019 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, жекеменшік тұрғын үй ауласында тұрған бассейнге құлап кеткен. Бассейннің тереңдігі 1,4 метр. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның жағдайы ауыр, 1-дәрежелі комаға түскен.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама