13 сәуір 2021 | 09:27

Шымкентте бес жасар қызды автобус қағып кетті

Шымкентте бес жасар қызды автобус қағып, бала жан тапсырды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, қоғамдық көлік жүргізушісі кішкентай қызды байқамаған көрінеді. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте бес жасар қызды автобус қағып, бала жан тапсырды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, қоғамдық көлік жүргізушісі кішкентай қызды байқамаған көрінеді. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 11 сәуірде болған. Түскі бірлер шамасындағы уақыт. Куәгерлердің айтуынша, кішкентай қыз жолдың қақ ортасында соңғы сәтте жан жағына жалтақтап тұрған екен.

Әкесінің айтуынша, қызын автобус қаққан күйі он метрдей сүйреп кетіпті. Оқиғаның куәгерлері жүргізуші оны мүлдем байқамағанын айтады. Тек сырттағы халық шулап айқайлағасын ғана тоқтапты.

Реклама
Реклама

"Негізінде қыз астыда қалған кезде бәрі шулады. "Астыңа қара, астыңа қара" деп автобусқа. Ал ол рөлде құлағында құлаққабымен "не болды, не болды?" деді. Түсіп "иә неге, не деп жатсыңдар?" деді халыққа", - дейді куәгер Мадина Ақбаралиева.

Тағы бір куәгер жүргізушінің жолда тамақ жеп келе жатқанын көргенін айтты.

Куәгерлер сол сәтте бүлдіршіннің жалғыз болғанын, ол дүкенге кіріп сағыз алғасын базар жаққа қарай бет алғанын баяндады. Әкесі кенжесін кеше жер қойнына тапсырғанын айтты. Телеарна тілшісінің айтуынша, әкесі қызы базарға оның жұмысына келе жатты-ау деп топшылады.

"Молдағұлов көшесінде кішкентай қызды қағып кетті дегенді естіп жүгіріп келсем, өз қызым. Автобус баллоны езіп жіберіпті. Ішек-қарны ақтарылып жатыр. Мен келер алдында тірі болған екен. Жүргізуші қайда қарады?!!", - деп ашынды қыздың әкесі Мургумшах Набиев.

147 бағыттағы автобус "T-Bus" компаниясына тиесілі. Алайда тілшінің айтуынша, бағытқа жауаптылардан қандай да бір жауап алу мүмкін болмады. Ал жолаушылар тасымалына жауапты басқарма өкілдері автобустың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспағанын алға тартты.

"Жүргізушінің кінәсі анықталып жатса, келісімшартты бұзу мәселесі қаралады. Ол тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес. Сонымен қатар, барлық көлік компаниясына ескертулер жасалды", - деді Шымкент Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Наурыз Сүгірәлиев.

Қазір бұл жәйтпен полиция айналысып жатыр. 1979 жылы туған жүргізуші қамауда отыр. Оның кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная