Шымкентте биіктен секірмек болған қызды куәгерлер құтқарып қалды: видео

Дина Шарипханова Корреспондент

Әлеуметтік желілерде көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында тұрған қыздың видеосы тарады. Қызды куәгерлер құтқарып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында тұрған қыздың видеосы тарады. Қызды куәгерлер құтқарып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода қыздың терезе сыртындағы парапетте тұрғаны, ал ер адам терезе арқылы онымен сөйлесуге тырысқаны көрінеді. Бір мезетте ол қыздың қолын ұстап, ішке тартады. Алайда қыз қарсыласып, көмектен бас тартқан. Сол сәтте көрші терезеден тағы бір жігіт парапетке шығып, қызға жақындауға тырысқан. Абырой болғанда, оны күшпен тартып, үйге кіргізуге мүмкіндік туған.

ТЖД пікірі

Реклама
Реклама

Шымкент ТЖД мәліметінше, оқиға 20 қарашада таңертең "Модерн сити" тұрғын үй кешенінде болған.

"12 қабатты үйдің 8-қабатында қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болған. ТЖ қызметтері оқиға орнына 9:52-де жетті. Алайда төтенше қызмет келмей тұрып, жағдайды бірінші болып байқаған азаматтар пәтерге кіріп, оны құтқарып қалды", – деді департамент өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама