ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 маусым 2020 17:07
Шымкентте болған өрттің видеосы тарады
Шымкентте базар маңында автотұрақта болған өрттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте базар маңында автотұрақта болған өрттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін шамамен сағат 14.10-да "Бекжан" базарының маңындағы автотұрақта өрт шыққаны белгілі болды.
"Өртті сөндіруге 70 өртсөндіруші мен 24 дана техника жұмылды. Өрттің аумағы 280 шаршы метрге жеткен. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шамамен сағат 15.40-да сөндірілді. Себебі анықталып жатыр", - деді Шымкент қалалық ТЖД өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу