Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерден әйел, екі қыз және бір жігіт өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерден әйел, екі қыз және бір жігіт өлі табылды

Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерде төрт адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Шымкентте бір тұрғын үйдегі үш пәтерде төрт адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Студенттік қалашық шағынауданында болған. Көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы басқа пәтерден 23 жастағы жігіт өлі анықталған. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыз көз жұмған.

Көршілердің айтуынша, олар бұған дейін газдың иісіне шағымданған. Алайда әзірге газ қызметінен ресми түсініктеме берілген жоқ. Полиция адам өліміне әкелген қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Реклама
Реклама

"Алдымен қызды шамамен сағат 12-лерде тапқан. Пәтер иесі келіп, жуынатын бөлменің есігі жабық тұрғанын көрген. Ашса, пәтерді жалдаған қыз шомылып жатып, сол жерде қайтыс болған. Осыдан кейін ол учаскелік полиция қызметкерін шақырған. Барлық адамды сыртқа шығара бастады. Құтқарушылар келіп, басқа пәтерлердің есіктерін бұзып ашып, тағы да мәйіттерді тапты", – деді Ислам Файзуллаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама