19 қыркүйек 2017 16:36

Шымкентте деструктив діни ағым ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ ұсталды

Шымкенттегі арнайы операцияда деструктив діни ағымдардың ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2017 жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласының "Гарант" дүкендері аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шара өткізді", - делінген хабаламада. 

Реклама
Реклама

Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.