11 наурыз 2022 | 09:48

Шымкентте ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© otyrar.kz

Шымкентте 1989 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары бір жылға жуық уақыт бойы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте 1989 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары бір жылға жуық уақыт бойы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылы 19 сәуірде Шымкент қаласының тумасы Сергей Орлянский Чапаевка шағынауданындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Туыстары Сергейдің аман-сау табылатынынан үміт үзбейді. Бұл уақыт ішінде ер адамның анасы қайтыс болған. Ол күні-түні ұлының үйге оралуын сұрап, дұға еткен.

"Осы уақытқа дейін қанша рет іздедік. Не өлі, не тірі екенін білмейміз. Анасы ол келгенін күтпей, қайтыс болды. Анасы қатты уайымдап, оны табуымызды өтінді. Бірақ барлық жұмыс нәтижесіз болды", - дейді Lider еріктілер қозғалысының жоғалған адамдарды іздеу жөніндегі координаторы Людмила Герасимова.

Реклама
Реклама

Ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Еріктілер қозғалысы мәліметінше, ол үйінен шығып, із-түзсіз кеткен. Содан бері оның баруы мүмкін жерлер туралы бірнеше нұсқа болған. Оның ішінде құлдыққа түсті немесе өлтірілді деген нұсқалар да бар.

"Біреу оның құлдықта екенін, енді біреу оның өлтірілгенін айтты. Туыстарының айтуынша, ол мінезді болған, адамдармен жиі жанжалдасатын. Қалай болғанда да, оны ары қарай іздей береміз. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпаратты, фотосуреттерді тарату үшін бірге жұмыс істейміз. Мүмкін, біреу қайда екенін біледі немесе көріп қалды. Кез келген ақпарат маңызды", - деді еріктілер қозғалысының координаторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная