Шымкентте жасөспірім суға батып кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Шымкентте жасөспірім суға батып кеткен Tengrinews.kz мұрағатынан

Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған карьер суына батып кеткен, - деп хабарлайды otyrar.kz

Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған карьер суына батып кеткен, - деп хабарлайды otyrar.kz

Жазатайым оқиға 2 мамырда Қаратау ауданы Қайтпас-1 шағынауданында болған. Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, 2007 жылы туған бала тереңдігі шамамен 2 метр болатын карьерге батып кеткен. Бұл оқиға туралы ақпарат 112-ге 2 мамырда сағат 14:45-те келіп түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына келіп, 16.20-да батып кеткен жасөспірімнің денесін алып шыққан.

Жарнама
Жарнама

"Карьердің тереңдігі 1,5-2 метр. Бұл - адам батып кететіндей тереңдік. Тыйым салсақ та, тыйым салынған белгілер болса да, балалар онда жиі шомылуға барады. Қазір әкімдікпен осы карьердің мәселесін пысықтап жатырмыз", - дейді Шымкент қаласы ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллаевна.

Оқиғаның себебі нақтыланып жатқаны айтылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Жұмыстарды Қаратау ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама