Шымкентте жүргізуші екі оқушы қызды қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте жүргізуші екі оқушы қызды қағып кетті Видео кадры

Шымкентте жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, апалы-сіңлілі оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Otyrar.

Шымкентте жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, апалы-сіңлілі оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Otyrar.

Оқиға 5 мамырда таңертең Әл-Фараби көшесіндегі №6 емхананың алдында болған.

"Жедел қоңырау" бағдарламасы тілшісінің мәліметінше, Hyundai көлігін мінген әйел басқа көлікпен соқтығысудан қашпақ болып, тізгінге ие бола алмай жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен. Осы кезде екі оқушы қыз көше қиылысында бағдаршамның жануын күтіп тұрған.

Жарнама
Жарнама

Көлік қыздарды қағып, кейін бағанаға соғылған. Бастауыш сынып оқитын апалы-сіңілі қыз түрлі дене жарақаттарымен Асар шағынауданындағы балалар ауруханасына жатқызылған.

Дерекке қатысты жүргізушіге ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі "Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет" бойынша хаттама толтырылған. Екі көлік те уақытша айып тұрағына қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама