Шымкентте КамАЗ жүргізушісі 11 көлікті қағып кетті

Шымкентте көлігінің тежегіші істен шыққан КамАЗ жүргізушісі 11 темір тұлпарды қағып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шымкентте көлігінің тежегіші істен шыққан КамАЗ жүргізушісі 11 темір тұлпарды қағып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

4 желтоқсанда сағат 18.30-да Шымкентте Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды.⠀

Алдын ала мәліметтер бойынша, арматура тиелген КамАЗ-дың тежегіштері істен шығып, ол бірнеше көлікті қағып кеткен.

Реклама
Реклама

Тізгіннен шыққан үлкен жүк көлігінің астына 11 темір тұлпар түсті.

Оқиға салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде КамАЗ жүргізушісі де бар.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық. Тексеруден кейін олар үйге жіберілді, ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Жол апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама