Шымкентте карантин кезінде жертөледе жұмыс істеген караоке әшкере болды

Видеодан алынған кадр

Шымкентте караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына Нұрсат мөлтек ауданың тұрғындары жертөледе орналасқан караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істегені туралы арызданған.

Реклама
Реклама

"Осы арыз бойынша Қаратау ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, аудандық прокуратура мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мамандарымен бірлескен жұмыс тобы құрылып, рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. 

Нәтижесінде караоке-клуб карарантин режимін өрескел бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Осыған байланысты нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша жинақталған іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама