ПОДЕЛИТЬСЯ
24 тамыз 2020 | 16:24
Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана әшкере болды
Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дереккөз мәліметінше, 21 тамызда сағат 22:35 шамасында Әл-Фараби аудандық Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Тоқаев көшесі бойында жертөледе орналасқан "ОКЕЙ КАРТА" ойынханасының жұмыс істеп жатқанын анықтады.
"Тәртіп сақшылары нысан әкімшісінен түсініктеме алып, Шымкент қаласының Бас санитар дәрігердің №32 қаулысының ережелерін сақтамай карантин режимін бұзып келушілерді кіргізгені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также