10 сәуір 2020 | 10:44

Шымкентте көлік жүргізушісіне бұқа шабуылдады

Сурет: Polisia.kz

Шымкентте жол бойында жүріп, жүргізушіні сүзген бұқаның иесі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жол бойында жүріп, жүргізушіні сүзген бұқаның иесі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Эльбурс Нишанбаев 2020 жылдың 15 наурызында Жиделібайсын көшесінің бойында автокөлігін жөндеп жатқан жүргізушіні сүзіп, соғып кеткен бұқаның иесін анықтап, полицияға жеткізді.

Реклама
Реклама

Бұқаны сол көшенің 42 жастағы тұрғыны мал базарынан сатып алып келе жатқан кезде, бауынан босап кеткені анықталды.

Осындай жағдайларға жол бермеу бойынша бұқаның иесімен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлігі (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная