Шымкентте көлік жуушы тұрғынның көлігін ұрлап, жол апатына ұшыраған

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация: elements.envato.com

Көлік жуу мекемесінің қызметкері клиенттің көлігін ұрлап, жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік жуу мекемесінің қызметкері клиенттің көлігін ұрлап, жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны Toyota Camry көлігін көлік жуу орнына қалдырған. Кейін ол Жетісай аудандық полиция бөліміне жүгінген. Көлік жуу мекемесінің қызметкері көлікті ұрлап кетіп, тізгінге ие бола алмай, басқа көлікпен соқтығысқаны белгілі болды. Осыдан кейін көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Клиентке келтірілген шығын 6 миллион теңге болған.

Реклама
Реклама

"Факт Қылмыстық кодекстің 200-бабы "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама