27 тамыз 2021 21:29

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Шымкентте өртенген көпқабатты үй

Шымкентте тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

"2021 жылдың 27 тамызында сағат 18.02-де "101" пультіне Нұрсат-2 шағын ауданындағы пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы хабарлама бойынша 18 сағат 03 минутта оқиға орнына күштер мен құралдар жіберілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 18 сағат 15 минутта 55 шаршы метр алаңда сыртқы қаптама және 18 шаршы метр алаңдағы пәтердегі асүй жанғанын анықтаған.

"Су жақын жердегі өрт гидранттарынан алынды. 18 сағат 30 минутта өрт ауыздықталып, 18 сағат 48 минутта толықтай сөндірілді", - делінген ТЖД хабарында.

Қауіпсіз аймаққа 28 адам, оның ішінде 8 бала көшіріліпті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД 28 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram