14 наурыз 2021 | 12:27

Шымкентте құрылыс алаңында тосын жай болды

Видеодан алынған кадр

Шымкентте құрылыс алаңында кран құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте құрылыс алаңында кран құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрылыс алаңынан видеоны оқырмандар жіберді. Оған қатысты ТЖД түсінік берді. 

"2021 жылдың 12 наурызында таңғы сағат 10:00-де Шымкенттегі Бәйдібек би мен Көшеров көшелерінің қиылысында орналасқан "Ер-Наз 7" ЖШС құрылыс нысанында монтаждау кезінде мұнара кранын ұстап тұратын сымарқан бөлігінің сынуы салдарынан тосын жай болды. Нәтижесінде кран салбырап қалды", - деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Ресми ақпаратқа сәйкес, мұнара краны "Отау-Строй" ЖШС-дан жалға алынған. ТЖД өкілі кран қабылдау сынағынан өтпеген және пайдалануға берілмегенін атап өтті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная