11 мамыр 2022 08:58

Шымкентте құрылысы аяқталмаған ғимаратта от жаққан балалар опат бола жаздады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Шымкент ТЖД

Шымкентте екі бала құрылысы аяқталмаған ғимарат жертөлесінде от жағып, салдарынан өрт шығып, сыртқа шыға алмай қалған. Оларға құтқарушылар көмекке келіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте екі бала құрылысы аяқталмаған ғимарат жертөлесінде от жағып, салдарынан өрт шығып, сыртқа шыға алмай қалған. Оларға құтқарушылар көмекке келіп, қайғылы жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 10 мамырда кешкі уақытта болған. Құтқарушылардың айтуынша, 11 және 12 жастағы екі бала құрылысы аяқталмаған ғимарат жертөлесіндегі қоқыстарды өртеп, ол жерден шыға алмағандықтан тұншығып қала жаздаған. Балалардың бірінде ұялы телефон болған, ол өртсөндірушілерді шақырған. Бұл уақытта "112" қызметкерлері құтқарушылармен байланыста болған. Операторлар болса, құтқарушылар оқиға орнына жеткенше балаларға түтіннен қорғану жолдарын айтып, көмектескен. Бұл кезде балалардың бірі ес-түссіз жатқан еді.

Реклама
Реклама

"Құтқарушылар түтін басқан жертөлеге кіріп, балаларды арнайы тыныс алу аппаратына қосып, қауіпсіз жерге апарып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлеріне тапсырды", - деді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы өкілері.

Құтқарушылар мәліметінше, өрт сағат 19.12-де оқшауланып, сағат 19.31-де толығымен сөндірілген. Өрт үй-жайдың алты шаршы метрін шарпыған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram