ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2024 | 12:40
Шымкентте қыз алып қашу сәті видеоға түсіп қалды
Шымкентте "қыз алып қашқан" ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте "қыз алып қашқан" ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, жастар әлеуметтік желіде танысқан. Бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен.
"Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны қызға үйленуге шешім қабылдаған. Бірақ оны болашақ қалыңдықтың пікірі қызықтырмаған.
Жігіт Шымкентке келіп, таңғы уақытта қыздың диплом алды практикадан өтіп жатқан медициналық мекемесіне барған. Анықтама бюросында жеткізуші екенін айтып, қыздан сыртқа шығуын өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып әкеткен", - делінген хабарламада.
Полиция оқиға туралы хабар ала салысымен, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
"Toyota Alphard көлігін ұстауға Тұран АПБ-ның жедел уәкілдері жұмылдырылып, көрші өңірлерге бағыттама жіберілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде автокөлік жарты тәулік ішінде Алматы-Самара тасжолында Жалағаш ауылының маңында ұсталды", - делінген хабарламада.
Ер адам қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также