1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Шымкентте матч кезінде стадионның шатыры опырылды

Шымкентте футбол матчы кезінде дауыл салдарынан стадионның шатыры опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер түсірген кадрлар

Шымкентте футбол матчы кезінде дауыл салдарынан стадионның шатыры опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай 21 мамырда ҚПЛ-2022 12-турының "Ордабасы" мен "Ақсу" арасындағы матчы өткен кезде Қажымұқан атындағы орталық стадионда болған.

"Шатыр "Ақсу" қақпасының үстіне құлаған. Бірақ кейінгі мәліметтер бойынша, футболшылар шатыр құлаған жерден қашып үлгерген", - деп жазды инсайдер Айдын Қожахмет Telegram-арнасында.

Көрермендер оқиғаны трибунадан түсіріп алған.

Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Матч кейінге қалдырылған. Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Жалилова шатыр опырылған трибунада көрермендер болмағанын айтты.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері шатырды бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шымкент полициясы шатырдың құлауына қатысты "Сапасыз құрылыс" бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Барлық қажет сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!