Шымкентте Mercedes жүргізушісі әйелді қағып, 200 метрге сүйреп кеткен
Шымкенттегі Тәшенов көшесінде 17 желтоқсанға қараған түні жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлады Otyrar.kz.
Шымкенттегі Тәшенов көшесінде 17 желтоқсанға қараған түні жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлады Otyrar.kz.
1973 жылғы әйелді Mercedes автокөлігі қағып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, "ол алдындағы көлікті басып озған, алайда көшеден біреудің өтіп бара жатқанын байқамаған".
"Шамамен 200 метр жүргеннен кейін көліктің қозғалуына бір заттың немесе біреудің кедергі келтіріп тұрғанын сездім. Сол кезде барып тоқтадым. Екі жолаушының көмегімен көлікті домкратпен көтеріп, әйелді алып шықтық", - деді ер адам.
Оқиға болған жерге жеткен жедел жәрдем бригадасы әйелді ауруханаға жатқызды, ол жерде оған шұғыл түрде операция жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, әйел комада жатыр.
Жол-көлік оқиғасы болған жерге келген тергеушілер оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын және кім кінәлі екенін анықтайтын болады.