22 қыркүйек 2023 11:48

Шымкентте науқастың дәрігерлермен төбелесі видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram-пабликтерде пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram-пабликтерде пайда болды.

Кадрларға қарағанда, оқиға жансақтау бөлімінде болған. Науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында жажал болған. Сондай-ақ, ауруханада науқастың туыстары болғаны айтылған.

Instagram-пабликтердегі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан медбике мен дәрігер соққыға жығылған.

Реклама
Реклама

Оқиғаның мән-жайы кейін белгілі болды.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға 20 қыркүйекте болған. Сағат 19:50-де 1995 жылы туған азамат жедел жәрдеммен Гипербариялық оттегі орталығына жеткізілген.

"Туыстарының айтуынша, науқас улы сұйықтық ішкен. Дәрігерлер оны тексерді, психикалық қозу жағдайына байланысты тыныштандыру шараларын жүргізу үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда науқас медициналық көмекке қарсылық танытып, медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолданған", - делінген Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Оқиғаға байланысты ақпарат полицияға берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram