Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім дене шынықтыру сабағында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім дене шынықтыру сабағында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Білім басқармасы мәліметінше, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған.

"Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақырды. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, ол қайтыс болды. Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр", - деді Шымкент Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама