28 наурыз 2021 15:35

Шымкентте өртенген көліктен ер адамның денесі табылды

Фото: Otyrar.kz

Шымкентте 26 наурызда өртсөндірушілер өртенген көлік ішінен жанып кеткен ер адамның денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Otyrar" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 26 наурызда өртсөндірушілер өртенген көлік ішінен жанып кеткен ер адамның денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Otyrar" басылымына сілтеме жасап.

26 наурызда сағат 20:48-де Әл-Фараби көшесінің бойындағы Сайрам тұрғын үй алабы маңында Toyota Camry 35 маркалы көлігі өртеніп кетті. Өрт 21:02-де оқшауланып, 21:24-те толық сөндірілді.

Өртенген көліктің ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Автокөліктің жану себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Өтр шыққан жерге ТЖД-нің тоғыз қызметкері мен екі техникасы, екі өртсөндіру қызметкері жұмылды", - деп хабарлады Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram