21 мамыр 2022 | 13:19

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды, бір адам қаза тапты

Фото: Шымкент ТЖД

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

102 телефонына бүгін сағат 12:6-да Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс салдарынан аурухана аралық 138 дәріхананың ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс салдарынан болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады", - деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәліметтер бойынша, газ жиналып, жарылыс болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная