31 тамыз 2023 | 17:06

Шымкентте полицей миллион теңге салынған әмиянды тауып, иесіне қайтарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкентте учаскелік полицей ішінде млн теңгесі бар жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте учаскелік полицей ішінде млн теңгесі бар жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай АПБ-ның "102" арнасы арқылы Умида Абдумуталипқызы есімді азаматша арызданды. Қала тұрғынының айтуынша, ол сауда орталығында жүргенде қомақты ақшасы, құжаттары мен банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алған. Бір сағатқа жуық уақыт бойы өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң әйел полицейлердің көмегіне жүгінуді шешкен.

Реклама
Реклама

Шақырту бойынша оқиға орнына №1 учаскелік пунктінің инспекторлары жетті, олар азаматшадан мән-жайды нақтылап, оның жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі креслоның астынан әмиян тауып алып, оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берген.

Умида Абдумуталипқызы тәртіп сақшысының жедел жұмысы мен адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная