ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2024 | 11:51
Шымкентте ректордың қамауға алынуы: ҚМА жаңа мәлімет берді
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовтің ұсталуына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетовтің ұсталуына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМА Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы бойынша, ректорға қатысты тергеуді Шымкент Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
"Шымкент бойынша Экономикалық тергеу департаменті Оңтүстік Қазақстан университетінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ҚМА.
Агенттік соталды тергеп-тексеру деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы шеңберінде жария етілмейтінін қосты. Олар прокурордың рұқсатымен, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса, мүмкін деп танылатын көлемде ғана жария етілуі мүмкін.
Еске салайық, қыркүйектің аяғында Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
Ресми деректерге сүйенсек, Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты кепіл мөлшерін айқындамай, екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қарашаға дейін "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Осыған ұқсас бұлтартпау шарасы тағы екі күдікті Т. Б. мен Б. У-ға қатысты таңдалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также