Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз мерт болды

Фото: elements.envato.com

Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 шілдеде жедел басқару орталығының "102" арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні және электр тоғынан қайтыс болғаны анықталған.

Бұл жайт Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазір осы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама