Шымкентте тұрғындардың қала әкімімен кездесуі дауға ұласты

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте тұрғындардың қала әкімімен кездесуі дауға ұласты © otyrar.kz

Шымкент әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындар арасында дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкент әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі барысында тұрғындар арасында дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, көптеген азамат қабылдауға талонсыз және кезекті сақтамай кіруге тырысқан. Әлеуметтік желілерде Шымкент тұрғындары "айғайлап, балағат сөздер айтып жатқаны" туралы ақпарат тарады.

Даулы жағдай қала әкімінің қабылдауына жазылғысы келетіндердің көптігінен туындаған. Талондарды беру таңғы сегізде басталған. Нәтижесінде 200-ден аса адам қала әкімінің қабылдауына жазылған.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, 350-ден аса адам түрлі қалалық және құқық қорғау органдарына алдын ала жазылды. "Қазір полицейлер бұл деректі тексеріп жатыр", - деп хабарлайды телеарна.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама