Шымкентте ұрлығын мойындаған студентті ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео пайда болды

Шымкентте ұрлығын мойындаған студентті ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео пайда болды Видео кадры

Шымкентте ?рлы?ын мойында?ан студентті ?рып-со?у ?рекеті т?сірілген видео пайда болды. Видеоны "Отырар" порталы жариялап отыр.

Шымкентте ұрлығын мойындаған студентті ұрып-соғу әрекеті түсірілген видео пайда болды. Видеоны "Отырар" порталы жариялап отыр.

Басылымның мәліметінше, видео ұрып-соқты делінген жігіттің досына арналған. Видеоның басында студент төменгі курста оқитындардан пәтердің ақысына төленуі тиіс болған ақшаны алғанын мойындайды. Ол ертесі күні бұл ақшаны қайтарып беретінін айтады.

Алайда видео авторы мұнымен келіспей, ісі үшін жазасын алуы керек деп есептейді. Оны тізерлетіп, "малмын" деп айтқызады. Кейін студент төрт аяқтап, итті салады, жастық жалап, сүйеді. Осы уақыт бойы оған қорқыту, үркіту, қорлау мәніндегі былапыт сөздер айтылады.   

Жарнама
Жарнама

Редакция этикалық нормаларға байланысты видеоны толық жарияламай отыр.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Портал редакциясы ОҚО ІІД-нің бұл видеоны зерттеп жатқанын және тергеу бастағанын анықтады. Оның қорытындысын полицейлер таяуда жарияламақшы.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама