21 мамыр 2022 19:46

Шымкентте үш бала көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

Шымкентте үш бала автокөліктің жүксалғышында тұншығып қалды. Бұл туралы қалалық полиция мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш бала автокөліктің жүксалғышында тұншығып қалды. Бұл туралы қалалық полиция мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 19 мамырда Шымкент қаласының Қаратұз ауданында болған. Құқық қорғау органдары таратқан мәлімет бойынша, ата-анасы жоқ кезде балалар жүксалғышқа кіріп алып, кейін шыға алмай қалған. Екеуі оқиға орнында қаза болды, бір бала бүгін жансақтауда қайтыс болған.

"19 мамырда Қаратау аудандық полиция бөліміне 102 пультіне үш жас бала жүксалғышта тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер оқиға орнына бірден шықты",- деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатынына сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram