ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қыркүйек 2019 | 16:14
Шымкентте үш жасар баланы пойыз қағып кетті
Шымкенттегі тұрғын үй кешенінде үш жасар баланы жүк пойызы қағып кетті, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкенттегі тұрғын үй кешенінде үш жасар баланы жүк пойызы қағып кетті, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Қайғылы оқиға 3 қыркүйек күні кешке болған.
Бала теміржол арқылы өткелге кіргенде, оны жүк пойызы қағып кетті. Алған ауыр жарақаттан сәби оқиға орнында қайтыс болды. Ал оның 9 айлық жүкті анасы оқиғадан соң ауруханаға түсті.
Қазір іс қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе теміржол көлігін пайдалану бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Басылымның мәліметінше, сәби қайтыс болған жер жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті. Алайда аудан тұрғындары оны қолданып жүр, өйткені жақын маңдағы теміржол желілерін кесіп өтудің басқа жолдары жоқ.
Показать комментарии
Читайте также