Шымкентте үй күшігі құтыру ауруына шалдыққаны анықталды

Иллюстративное фото ©Турар Казангапов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шымкентте үш айлық күшіктен құтырық ауруы табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шымкентте үш айлық күшіктен құтырық ауруы табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл биыл жануарлар арасында құтыру ауруы бойынша тіркелген алғашқы жағдай. Ауру иттің басын зерттегеннен кейін анықталды. Күшік үйде асыралған, байлауда болмаған.

"Адамдар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Шымкент қаласының ветеринарлық қызметі тексеріс жүргізеді", - деп хабарлады санэпидемиологтар.

Реклама
Реклама

Құтыру ошағы туралы ақпарат Шымкент қала әкімдігі ит иесі тұратын Жайлау шағын ауданындағы көшеге шектеу шарасын енгізу туралы қаулы шығарғаннан кейін белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама