19 мамыр 2023 11:36

Шымкентте зейнеткер аурухана терезесінен құлап кетті

Фото:otyrar.kz

Шымкентте зейнеткер аурухананың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте зейнеткер аурухананың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

№1 қалалық аурухананың үшінші қабатындағы терезеден 72 жастағы ер адам құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мәйітінде зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында зейнеткер ауруханаға өз-өзіне қол жұмсау әрекетінен кейін түскені айтылған.

"Бұл нұсқаны қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлі растаған жоқ. Ол Әл-Фараби ауданына қарасты Айқап шағынауданында тұрады. Отбасы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, бір-екі күн бұрын баласы атасына қонаққа келген. Қазір барлық нұсқа тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр", - деді Otyrar.kz тілшілері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram