ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2020 | 09:00
Шымкенттегі 17 жастағы жігіттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Шымкентте 17 жастағы студент қайтыс болған төбелеске қатысқандардың ішінде қалалық мәслихат депутатының жиені болған. Бұл туралы марқұмның туыстары "Астана" телеарнасына берген сұхбатында айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте 17 жастағы студент қайтыс болған төбелеске қатысқандардың ішінде қалалық мәслихат депутатының жиені болған. Бұл туралы марқұмның туыстары "Астана" телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Алайда Шымкент полициясының айтуынша, күдіктілердің ішінде туыстары жоқ.
Айта кетейік, осы қылмыстық іс бойынша барлығы 9 адам ұсталды, олардың бесеуі қамауға алынды, біреуіне іздеу жарияланды, қалғандары қолхатпен босатылған.
Күдіктілердің барлығы - кәмелет жасына толмағандар. Олар 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан шектелуі мүмкін.
Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерді де жауапкершілікке тартылады. Туыстарына медициналық көмектің дұрыс көрсетілмегені бойынша шағымданғандықтан дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Еңбекшіқазақ полиция басқармасы 3 маусымда балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынга қылмыстық іс қозғады", - деді Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов.
Еске салайық, қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан.
Шымкентте төбелестен ес жимай кеткен 17 жастағы жігіттің туыстары Тоқаевтан көмек сұрады
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также