Шымкенттегі этноауылда өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
500
comments icon
0
Фото: Шымкент қаласы ТЖД Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте этникалық ауыл аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

Шымкентте этникалық ауыл аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 26 тамызда түнгі 00.49-да "101" басқару пультіне әл-Фараби ауданы, Сапақ датқа көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан "Шымқала" этникалық ауылы аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Өртсөндірушілер шақырту орнына 7 минутта жеткен. Оқиға орнында этникалық ауыл аумағында орналасқан ауданы 80 шаршы метр шатыр мен 8 шаршы метр аумақтағы қамыстан тұрғызылған сарай өртеніп жатқаны анықталды.

Реклама
Реклама

Өрт сағат 1.10 да оқшауланды және 1.19-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, деді ТЖД өкілі.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная