12 шілде 2019 | 09:21

Шымкенттегі газ құю станциясында болған өрттің себебі анықталды

Видео кадрларынан

Шымкентте автоцистерналарды толтыруға арналған газ құю станциясындағы өрт сұйық отынды құю кезіндегі технологиялық процестің бұзылуынан болған. Оқыс жағдайды бір айға жуық зерттеген арнайы топ осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте автоцистерналарды толтыруға арналған газ құю станциясындағы өрт сұйық отынды құю кезіндегі технологиялық процестің бұзылуынан болған. Оқыс жағдайды бір айға жуық зерттеген арнайы топ осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 7 маусымда болған еді. Өрт салдарынан 20 жастағы Ерлан Анар қайтыс болған. Денесінің 98 пайызы күйіп қалған марқұм отбасындағы сегіз баланың тұңғышы екен. Ол газ құю станциясында өткен жылдың күзінен жұмыс істеп келген. Зардап шеккен отбасыға берілетін материалдық көмек мөлшері әзірше айтылмады. Ал тексеру тобы шыққан қорытындыны полиция департаментіне жолдайды.

Реклама
Реклама

Комиссия төрағасының айтуынша, сиымдылығы 60 текше метр автоцистернадан газ құю кезінде шланг толық бұралмай, ажырап кеткен. Ол кезде екпіні қатты газ 20 жастағы операторды ұшырып жіберген. Арада он секундтай уақыт өтер-өтпестен шланг темірі соғылып ұшқын пайда болып, жарылысқа әкелген. Автоцистерна жүргізушісі қашып үлгергенмен, оператор жалын ортасында қалып қойған. Дәрігерлер үш күн арпалысқанымен 20 жастағы жігіт бақилық болды. Комиссия мүшелері апатқа серіктестік тарапынан жіберілген бірқатар кемшілік себеп деп түйді.

"Бригаданың құрамын толық жасақтамаған. Екі адамның орнына бір адамды жұмысқа жіберген, негізі сол. Технологиялық ережелер орындалмаған, осы газ толтыру жұмыстарының технологиялары жасалмаған. Ол техникалық ережеде барлық тәртібі, қандай қауіпсіздік шаралары бар, қалай істелуі керек - бәрі толық жазылуы керек. Онымен оператор таныстырылуы қажет. Соны таныстырып оқыту жағы бұл жерде толық жүргізілмей отыр", - дейді ҚР ИИДМ комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Сәрсенбай Теңлесбай. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная