ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 тамыз 2020 16:06
Шымкенттегі ірі кәсіпорыннан өрт шықты
Шымкент қаласында 2 тамызда сағат 11:07-де Әл-Фараби ауданы, Төлеби көшесі бойында орналасқан "Визит" ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Шымкент қаласында 2 тамызда сағат 11:07-де Әл-Фараби ауданы, Төлеби көшесі бойында орналасқан "Визит" ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Оқиға болған жерге келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдерінің анықтағаны - аталған нысанға қарасты алкогольсіз сусындарды сақтауға және өндіруге арналған жалпы көлемі 2430 шаршы метр қойманың шатыры жанған.
Сағат 12.20-да аумағы 300 шаршы метр шатыр құлаған. Өрттің жалпы көлемі 750 шаршы метр.
Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінен 21 техника мен 89 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника, Полиция департаментінің 8 техникасы мен 60 қызметкер жұмылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу