18 наурыз 2024 | 09:40

Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус жолда аударылып қалды

©️ t.me/mchs_altkray

17 наурызда таңертең Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Алтай өлкесі бойынша ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17 наурызда таңертең Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Алтай өлкесі бойынша ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, автобус бүйіріне аударып қалған.

Автобуста 56 адам болған - екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала. Барлығы жеті адам зардап шеккен (жеңіл жарақат, зардап шеккендер арасында балалар жоқ). Барлығын жедел жәрдем қызметкерлері тексерді. Бір адам Славгород ауруханасына жатқызылған.

Реклама
Реклама

Өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері автобусты көтеріп қойды. Жолаушылар көлігі жүріп тұр.

"Жүргізушілер автобуспен Қазақстанға өз бетінше шықты. Жолаушыларға Новосибирск қаласындағы межелі жерге жеткізу үшін автобус беріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная