Шымкенттік полицейлердің бекеттегі төбелесі видеоға түсірілді

Шымкенттік полицейлердің бекеттегі төбелесі видеоға түсірілді Видеодан кадр

Шымкентте полицейлер бекетте төбелескені үшін жұмыстан босатылды. Тәртіп сақшыларының жұдырықтасқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana телеарнасына сілтеме жасап.

Кадрда патрульдердің төбелескенін көруге болады. Олардың бірі әріптесінің бетінен соққы жасайды. Стационар бекетінде болып жатқанның бәрін өтіп бара жатқан адам смартфон камерасына түсірген.

Полиция департаменті роликтегі қызметкерлерін тез анықтаған. Бірақ олардың неге жанжалдасқаны айтылмайды.

Реклама
Реклама

"Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік комиссияның шешімімен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері де атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - деп түсіндірді Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлері.

>

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама