23 қыркүйек 2021 | 12:20

Шымкенттің "Қиял әлемі" технопаркінде қайғылы оқиға болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шымкенттегі "Қиял әлемі" технопаркінде 50 жастағы ер адам "Балға" аттракционына отырған кезінде ауырып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады. Өлімнің себебі - инфаркт, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz басылымна сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі "Қиял әлемі" технопаркінде 50 жастағы ер адам "Балға" аттракционына отырған кезінде ауырып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен дәрігерлер ер адамды құтқарып қала алмады. Өлімнің себебі - инфаркт, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz басылымна сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, технопарк қызметкерлері медициналық көмек жинағы болмағандықтан алғашқы медициналық көмек көрсете алмаған.

Саябақ қазір жабық, құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған бірінші оқиға емес. Мамыр айында 17 жастағы жасөспірім оқыс оқиғадан қаза тапты. Бір нұсқа бойынша, ол ойын-сауық саябағында штаттан тыс жұмыс істеген. Жас жігіт аттракционның металл конструкцияларына көтерілгенде құлап түсіп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная