Сібір жарасын жұқтырған ер адам Павлодардың жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды

© 24.kz кадры

Сібір жарасын жұқтырған ер адам Павлодардың жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, 51 жастағы ер адам сібір жарасын жұқтырып, 17 шілдеде таңғы 06.30-да қайтыс болыпты. Бұл мәліметті Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлан Қасымов та растады. Басқармадағылар оқиғаның мән-жайын кейінірек айтып беруге уәде берді. 

Еске салайық, ер адам ауруханаға облыстың Ертіс ауданынан жеткізілген еді. Науқас жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда болды. Кейін дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, өз-өзіне келе бастағанын атап өткен. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Павлодардағы жұқпалы аурулар ауруханасында сібір жарасын жұқтырған тағы екі адам жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама