Сингапурда пара үшін сотталған қазақстандық қыз үйіне оралды

Сингапурда полицейге пара бермекші бол?аны ?шін соттал?ан 26 жаста?ы ?аза?станды? Елена Калугина т?рмеден шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р СІМ баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов?а сілтеме жасап.

Сингапурда полицейге пара бермекші болғаны үшін сотталған 26 жастағы қазақстандық Елена Калугина түрмеден шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

Жайнақовтың айтуынша, қыз түрмеден 5 тамызда шығып, елден кету үшін бірден көші-қон полициясына барды.

"Ол 6 тамызда Куала-Лумпур арқылы Алматыға үйіне ұшып келді. Жағдайы жақсы. Билеттің ақшасын анасы төледі", - деді ҚР СІМ өкілі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, СІМ өкілі Калугина түрмеде болған кезде оған Сингапурдағы ҚР консулы барып тұрғанын айтты.

Енді Калугина Сингапурға кем дегенде екі жыл уақыт баруға тыйым салынды.

Еске сала кетейік, Елена Калугина тексеріс барысында визаға қатысты мәселені шешу үшін полицейлерге  2150 доллар ұсынғаны үшін қамауға алынған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама