14 шілде 2022 08:53

СҚО-да аңшы жидек теріп жүрген әйелді абайсызда атып өлтірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйел оққа ұшты. 52 жастағы тұрғынды аң аулауға шыққан азамат байқамай атып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телеарна мәліметінше, күдікті оқ тиген Алтынай Мұздақбаеваны ауруханаға өзі жеткізбек болған. Алайда әйел ауыр жарақат салдарынан жолда қаза болған. Болжам бойынша ер адам аң деп ойлап қалған болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша, күдіктінің іс-әрекетіне баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша басқа да толық ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібіне сай жариялауға жатпайды", - деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram