09 шілде 2024 | 12:45

СҚО-да бір отбасы уланып, екі бала қайтыс болды: себебі анықталды

Фото:depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында отбасының улану себебі анықталды. Салдарынан екі бала қаза болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында отбасының улану себебі анықталды. Салдарынан екі бала қаза болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Улану дерегі бойынша полицейлер бұған дейін "Абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша тергеуді бастаған еді.

Дүйсенбі, 9 шілдеде отбасының нитриттерден, яғни азот қышқылының тұздарынан уланғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Соталды тергеу аясында бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша балалардың өліміне нитриттерден жедел улану себеп болды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған соталды тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Tengrinews.kz-ке облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеудің барысы туралы басқа мәліметтер жария етуге жатпайды деген қорытындыға келді.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, нитриттер тағамға ет өнімдерімен бірге түседі. Олар консервант, бактерияға қарсы және тұздаушы ингредиент ретінде тұздау, маринадтау үшін қолданылады.

Еске салайық, екі бала уланып қайтыс болған ауылда жергілікті дүкенде үйде жасалған тұшпара сатылған. 14 маусымда Қызылжар ауданы Надежка ауылында бір отбасы: анасы мен үш баласы уланып қалды. Үш жасар бала мен жеті жасар қыз көз жұмды. Сол кезде балалардың 28 жастағы анасы ауыр халде бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. 2014 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Емдеуден кейін олар сауығып, үйлеріне шығарылды.

Балалардың ата-анасы шұжық пен дүкеннен алынған тұшпара жеп, тәтті газдалған сусын ішкендерін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная