11 мамыр 2021 | 09:32

СҚО-да былтыр жоғалып кеткен балықшы табылды

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар былтыр қазанда балық аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар былтыр қазанда балық аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылғы 31 қазанда 57 жастағы ер адам жоғалып кеткен. Volontery Petropavl еріктілер ұйымы ер адам СҚО-да Мамлют ауданындағы "Чистое" көліне қайықпен балық аулауға шыққанын айтты. Сол уақыттан бері ол хабар-ошарсыз кеткендер ретінде тіркелген.

Мамырда ТЖД құтқарушылары жоғалған адамды іздестіру жұмыстарын қайта бастаған. Департаменттің баспасөз қызметі мәліметі бойынша, ер адам белгісіз жағдайда суға батып кеткен. 6 мамырда сағат 13.43-те оның мәйіті қамыстардың арасынан табылып, сот сараптамасына жіберілген.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында жоғалған кәсіпкердің мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Құтқарушылар жоғалған адамды 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұра өзенінің арнасы бойымен іздеген. Қаза тапқан адам 50 метр қашықтан, көлік тұрған орыннан төрт шақырым жерден табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная